Елена Рыбакина Азиада чемпионын ойсырата жеңді
Футболдан ел біріншілігі жалғасып жатыр.
Кезекті матч "Арыс" командасы мен "Түркістан" арасында өтті. Арыстық аяқдопшылар қарсыласын 6:0 есебімен ұтты. Ал "Қайрат-Жастар" "Тұраннан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Елена Рыбакина Қытайдағы теннис турнирінде сәтті өнер көрсетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Азиада Чемпионы Чжэн Циньвэньге қарсы ойнады. Ә дегеннен ойынды қарқынды бастаған жерлесіміз екі сетте де қарсыласына дес бермеді. Нәтижесінде бір сағатқа созылған тартыс 6:1 және 6:2 есебімен біздің теннисшінің айқын жеңісімен аяқталды. Енді ол Германия өкілі Татьяна Мариямен шеберлік байқасады. Айта кетейік, аспан асты еліндегі бәсекеде Юлия Путиинцева да ел намысын қорғап жатыр, ол екінші айналымда Франция спортшысы Каролин Гарсиямен жолығады.
Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталады
Бүгін Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталады. Елорда төрін дүбірге бөлеген дода 1 аптаға созылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген теннисшілер тартысты ойын өрнегін көрсетті. Дегенмен, оқ бойы оза шапқандар бүгін ақтық сында өнер көрсетеді. Чемпион атануға Америка өкілі Натаниэль Ламмонс мен Джексон Уифроу жұбы үмітті. Олар серб спортшысы Мате Павич мен Австрия өкілі Джон Пирске қарсы ойнайды. Ал жекелей сында америкалық Себастьян Корда мен Франция өкілі Адриан Маннар-ино кездесуіне куә боламыз. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 млн доллар. Жеңімпаз қаржылай ұтыспен қатар, 250 ұпай еншілейді.
«Барыс» тағы жеңілді
Құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» Минскінің «Динамосына» есе жіберді. Белорусь жерінде өткен кездесуде айдын иелері 3:0 есебімен жерлестерімізді айқын басымдықпен ұтты. Ойынның 4-минутында Виталий Пинчук есеп ашқан болатын. Екінші айналымда Роман Горбунов ұпайды үстемеледі. Шешуші гол үшінші кезеңде соғылды. Оны Андрей Стась өз еншісіне жазды. Соңғы кездері "Барыстың" бағы жанбай жүргені рас, осымен биылғы маусымда 10-шы рет жеңіліп отыр. Андрей Скабелка шәкірттері енді мәскеулік ЦСКА-мен сынға түсуі тиіс.
Биыл сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемі 14 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ке артық. Қазір әріптесім Бақыт Топтаева Үкімет үйінен тікелей байланысқа шығып, толық ақпаратпен бөлісуге дайын. Бақыт, бүгін үкімет отырысында тағы қандай мәселе қаралып жатыр?