Ұлттық құрама тағы бір алтынды жеңіп алды. LIVE

Қытайдың Ханчжоу қаласынан сүйінші хабар.

Каратеші София Берульцева Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Отандасымыз 68 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Осылайша, ұлттық құрам қоржынына 10-алтынды салды. Одан бөлек, тағы екі каратеші жүлдеген атанды. Алдымен, ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Дидар Әмірәлі қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдеге ирандық Амир Заде Махдидімен таласты. Нәтижесі отандасымыздың пайдасына 7:2 есебімен жеңді. Одан кейін 84 келіге дейінгі салмақта Данияр Юлдашев финалда өнер көрсетті. Алайда спортшы ақтық сында малайзиялық Бин Аб Маликке есе жіберді.

Бұл туралы тікелей эфирден Ханчжоудағы меншікті тілшіміз Аслан Қаженов хабарлады.