Қазақстан ұлттық құрамасы 80 медальмен Азия ойындарын аяқтады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындары аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 11-ші орыннан көрінді. Спортшылар ел қоржынына 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлде салған. Жарыстың соңғы күні каратэден финалға шыққан Мөлдір Жаңбырбай қарсыласына есе жіберіп, күміс медальды иеленді. Бұдан бөлек әртістік жүзуден командалық бәсекеде ел қоржынына қола жүлде түсті. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы түрлі сападағы 80 медальмен Азия ойындарын аяқтады.
Мөлдір Жаңбырбай, Азия Ойындарының күміс жүлдегері:
- 5-0 ұтып жатып ұтылып қалу деген үлкен қателік қой менің ойымша. Мақсат алтын болды да. Бірақ қуанып тұрмын 8 адам келіп, 8 медаль алып кеткенімізге де. Командадағы барлығы алтынға лайықты еді. Барлығымыздың да алтын алатын мүмкіндігіміз болды. Қателіктермен жұмыс істеу керек.