Жезқазғанда жүгіруден марафон өтті
Жезқазғанда «Алтын күз» жартылай марафоны өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желаяқтар 10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгірді. Дәстүрлі шара осымен 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Шағын шаһарда жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында қолға алынған марафон қазір қоғамдық сипат алды», - дейді ұйымдастырушылар. Бұл жолғы жарысқа еліміздің ең үздік желаяқтарымен қатар Ресей, Украина және Моңғолиядан әуесқой спортшылар қатысты.
Зейнолла Сейітов, әуесқой марафоншы:
- Мейрам болып жатқан соң қатысуға келдім қосылуға. 4 паралимпиадаға қатыстым. 63-темін. Пенсияға шықтым. Өзім интернатта оқығам, көзі көрмейтін школда. Соған қарамай дені саулармен қатар жүгіріп жүрмін. Осы бүгінгі 12-ші старт.