Жамбыл облысында мереке қарсаңында алты спорт нысаны пайдалануға беріледі
Жамбыл облысында Республика күні қарсаңында 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі.
Соның бірі Аса ауылында ашылды. Ауыл балалары спортпен шұғылдану үшін, бұрын теміржол торабынан өтіп, арғы беттегі спорт кешендеріне баратын. Бұл мәселе шешімін тапты. Көгал төселген алаң құрылысына бюджеттен 9 миллионнан аса қаржы жұмсалды. Жалпы мерекеге орай облыста 20-ға жуық әлеуметтік нысан ашылып, 40-тан аса мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылады.
Айша Қошпанова, ауыл тұрғыны:
- Балалар тек жаңағы доп теппек түгілі тас теуіп жүріп еді. Енді рақмет мінекей алаң болды. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Бала-шағаларға жақсы болды таза жер.
Жасұлан Аяпберген, ауыл тұрғыны:
- Біз өзіміз қатарлы балаларды жинап неше түрлі жарыстарға барып тұрамыз. Жиі жарыстар болып тұрады. Және де бүйтіп дайындалғанға мүмкіндік жоқ етін. Енді соғып беріп жақсы осы жерде дайындалып жүрміз.