Пара Азиада. Алғашқы алтын қоржында

Пара Азиада. Алғашқы алтын қоржында

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп бастаған ол 187 кг көтерді.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.

Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.