Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир мәресіне жетті
Жалпы есепте бірінші орындамыз.
Шымкентте стенд атудан КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті.
Айта кету керек, байрақты бәсеке осымен 32-ші мәрте ұйымдастырылып тұр. Яғни, тәуелсіздік алған жылдардан бері тұрақты оздырылып келеді Тіпті 2018 жылы Халықаралық федерациясының күнтізбелік жоспарына да енді.
Биылғы жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Италияның сұрмергендері қатысқан. Олардың арасында Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындарының жеңімпаздары, бұған қоса әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері бар. 12 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ұлттық командамыз бірінші орынға тұрақтады. Жерлестеріміз 30 медаль жеңіп алды. Оның 10-ы – алтын, 10 – күміс және 10 – қола. Жалпыкомандалық есепте Италия өкілдері екінші орынға тұрқатаса, көрші өзбек елінің сұрмергендері үздік үштікті түйіндеді.