Пара Азиада. Ел қоржыны тағы 4 медальмен толықты

Пара Азиада. Ел қоржыны тағы 4 медальмен толықты

Қазақстандық спортшы Алишер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді. Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.

Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов пара дзюдодан күміс медаль жеңіп алды. 90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.

Қазақстандық Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының аясында 90+ кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Талғат Әжғалиев (J2 санаты) пара дзюдодан қола жүлдегер атанды. Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.