Хандчоу қаласында пара Азия ойындары жалғасып жатыр
Жалпы есепте екінші орындамыз.
Қытайдың Хандчоу қаласында пара Азия ойындары жалғасып жатыр. Байрақты бәсеке аясында пара дзюдодан барлық медаль жиынтығы сарапқа салынды. Нәтижесінде ұлттық команда қоржынына 14 жүлде түсті. Оның 3-еуі алтын. Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Ақмарал Науатбек алғашқы күндері чемпион атанды. Ерлер арасында орта салмақтағы Ерғали Шамей мен Олжас Оразалыұлы барлық қарсыласынан басым түсті. Бұдан бөлек, 4 спортшымыз күміс, 7 спортшымыз қола жүлде иемденді.Осының арқасында пара дзюдо бойынша жалпы есепте 2-ші орынға тұрақтадық. Топ басында Қытай командасы болса, Ираннан келген дзюдошылар үздік үштікті түйіндеді. Ал, осы спорттың тарихи отаны саналатын Жапонияның қыз-жігіттері 4-ші сатыға жайғасты. Пара дзюдо бәсекелері аяқталғанымен, басқа спорт түрлері бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Азия ойындарының жалпы қорытындысы аптаның аяғында белгілі болады.Оы аралықта 131 спортшымыз 14 бағытта медальға қол созып көреді.