Қытайда еліміздің параволейбол командасы күміс медаль ұтты

Қытайда еліміздің параволейбол командасы күміс медаль ұтты

Қоржынымызға күміс түсті.

Ханчжоу қаласында пара Азия ойындары жалғасып жатыр. Жаңа ғана волейболды отырып ойнаудан финалдық бәсеке өтті. Ақтық сынға Қазақстан және Иран командалары шыққан еді. Соңғы сында жерлестеріміз 3:0 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде, күміс жүлде иеленді. Айта кетейік, Бауыржан Тахауов баптайтын жігіттер жарытай финалда алаң иесі Қытай командасын ұтты. Жалпы байрақты бәсекеның аяқталуына бірер күн қалды. Осы аралықта жерлестеріміз бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтеріледі деген үміттеміз. Ханджоудағы ойындарға 131 спортшымыз аттанды. Олар 14 бағытта жарыстарға қатысып жатыр. Бүгінге дейін қазақстандық қыз-жігіттер 38 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі жоғарыдағы айтқандай алтын. Соның арқасында жалпы есепте әзірге 10-орында тұрмыз.