Талдықорғанда волейболдан Қазақстан кубогының финалдық ойындары өтті

«Қуаныш» ел үздігі атанды. Талдықорғанда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының финалдық ойындары өтті.

Оған ұлттық және жоғарғы лигада өнер көрсететіп жүрген 8 команда қатысты. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубы жеңімпаз атанды. Олар ақтық сында «Алматы» командасынан басым түсті. Ал үшінші орын үшін Түркістанның «Тұраны» мен Талдықорғанның «Жетісуі» таласқан. Жетісулықтар өз алаңында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Республика кубогы жолындағы жарыста Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» волейбол клубы өте сүреңсіз ойын өрнегін көрсеткенін де айта кетейік. Бұған аталған команда сапындағы мықты ойыншылардың жан-жаққа тарап кетуі себеп болды.Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев біздің тілшілерге берген сұхбатында алдағы уақытта «Алтайдың» мәселесі майшаммен қаралатынын жеткізді. Ал жалпы ішкі біріншіліктің деңгейінн жоғары баға берді.

Ермек Сырлыбаев, ҚР волейбол федерациясының бас хатшысы:

- Бірінші ойын, бірінші турнир болғаннан кейін қазір енді чемпионатқа дайындалып жатыр ғой бұлардың бәрі. Былай қарасақ 4 команда енді жақсы, үздік ойын көрсетті. Ол төрттікке шыққандар «Қуаныш» командасы, «Жетісу», «Тұран» және «Алматы командалары. Олардың құрамында ұлттық құрама команданың мүшелері бар.

Ардақ Маратова, "Тұран" волейбол клубының ойыншысы:

- Енді біздің команда бойынша бізде көп жарақат және Сана кетіп қалды, кішкене қиындық болды. Былай менің ойымша біз тағы жақсы ойын көрсетеміз. Бұйырса үлкен ойындардан көріне береміз. Алда бірінші тур басталады 20 қарашада Петропавл қаласында.