Қазақстанда ІІ Түркі Универсиадасы басталды
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасында ІІ Универсиада басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қатысушыларды Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров пен еліміздің Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап, сәттілік тіледі.
Бауырлас елдердің спортшыларының басын қосқан Универсиадаға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркия елдерінен 500-ден аса жас қатысып жатыр. Олар шахмат, үстел теннисі, волейбол, дзюдо, футзал, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасады.
Ілияс Әбдімомынұлы, волейболшы:
- Волейболшы спортшылармыз. Түркістанға бірінші рет келіп отырмыз. Бүгін ойын болды. Өзбекстаннан келген спортшылармен ойнадық. 3:1 есебінде жеңіліп қалдық. Спортшыларға игілік тілеймін, сіздерге рақмет.
Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
- Бұл жастардың бір-бірімен танысып, білісіп, жастардың рухын көтеретін спорттық шараларды ұйымдастыру маңызды болып табылады. Спорт пен оқуды қатар ала жүріп, жетістікке жетуге болатынын көрсетуге болады.