Волейболдан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы турнир
Қарашаның 13-і күні бастау алған QAZAQSTAN QYZMET VOLLEYBALL CUP 2023 турниры өз мәресіне жетті.
Ойынның ерекшелігі мұнда тек мемлекеттік қызметкерлер ғана доп ұрады. Жарысқа алғашында 16 құрама тіркелген. Іріктеуден іркілмей өткен 4 құрама бүгінгі ақтық сын ойындарында жүлдеге таласты. Турнир нәтижесі бойынша Алтын жүлдені Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамасы жеңіп алды, ал күміс жүлдені Астана қаласының әкімдігі иеленсе, Проблемалық несие қорының құрамасы қоланы қанағат тұтты.
Нұрділдә Төлендиев, жарыстың ұйымдастырушысы:
- Біздің негізгі мақсатымыз мемлекеттік субъектілер де, министрліктерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің демалысын тиімді пайдалану. Осы мақсатта жексенбі күні өткіземіз. Біздің жарысымыздың ерекше бір бөлігі, біздің жарысымызда ерлер мен әйелдер бір команда да өнер көрсетеді. 4 ер кісі, 2 әйел кісі ойнайды.