Қазақ қыздары әлем кубогында топ жарды

Қазақ қыздары әлем кубогында топ жарды
Аслан Қаженов

Италияның Колальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода өтті.

Әлемдік аламанның кезекті, яғни екінші кезеңінде ұлттық команда өкілдері бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, 1 000 метрлік бәсекеде Инесса Шүмекова жеңімпаз атанса, тағы бір қазақстандық Арина Ильященко күміс жүлдеге қол созды. Ал 500 метрлік бәсекеде қазақстандық Маргарита Артемьева ең үздік нәтижені тіркеді. Ол аталған аралықты 40,04  секундта жүріп өтті.

Жоғарыда аты аталған Инесса Шумекова болса, дәл осы сында екінші орынға тұрақтады. Ал Қазақстанның ересектер құрамасы дәл қазір Норвегияның Ставангер қаласындағы әлем кубогына қатысып жатыр. В дивизионда Надежда Морозова ең үздік нәтижені тіркелді. Ол 500 метрлік аралықты 38,84 секундта жүріп өтті. Бұған Надежда Морозова А дивизионда да бағын сынап, 5-ші және 6-шы орынға тұрақтаған болатын. Ұлттық команданың басқа өкілдері, яғни Екатерина Айдова 8-ші, ал Алина Дауранова 12-ші орынға тұрақтады.

ФОТО: Аслан Қаженов