Еліміздің спортындағы легионер санын азайту мәселесі талқыланды
«Самұрық-Қазына» секілді ірі квазимемлекеттік сектор компаниялары кәсіби спорт клубтары мен легионерлерге қомақты қаражат жұмсайды.
Ал бұл қазына қаржысы. Мәселе спортты дамытуға арналған кездесуде айтылып, министрлік шешу жолдарын ұсынды. Бүгінде квазимемлекеттік сектор нысандары 4 спорт клубын қаржыландырып отыр. Жүйені өзгерту үшін саяси шешімдер қабылдау қажет. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер қысқартылып жатқанын жеткізді. Мәселен, Париж олимпиадасына баратын командада бұрыннан келе жатқан шетелдік шеберлер бар, жаңадан легионер алу жоспарда жоқ. Мақсат – отандық спортшыларды қолдау, деді ведомство өкілі.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Евразэста ойнайтын легионердің санын қысқарту оны біз евразийская комиссияға беріп өз ұсыныстарымызды бергенбіз. мысалы запасной ойыншалар мен в поле олардың айырмашылығы болу керек. мысалы футболда алаңда 5 адам болса оларды біз жыл сайын қысқартып жатырмыз 3 адамға дейін. Мына біздің 4 клуб ол имиджға байланысты клубтар деп айтуға болады. Астана про тим командасы, қалған үш клубы ол баскетбольный клуб астана. Хоккейный клуб Барыс и ФК Астана.
Бұқаралық спортты дамыту
Сондай-ақ жиында бұқаралық спортты дамыту жайы қозғалды. Қазір өңірлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған 800-ден астам спорт клубы болса, 2025 жылға қарай олардың саны мыңға жетеді. Жыл сайын 1 млн 200 мың адамның қатысуымен түрлі марафон, фестиваль, жаппай сырғанау секілді отбасылық жарыстар өткізіледі. Осылайша 2029 жылға дейін халықтың 50 пайызын бұқаралық спортқа баулу көзделіп отыр.