Оңтүстік Кореяда 4-ші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді
Қаңтардың 19-ы мен ақпаның 1-і аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 4-ші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді.
Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада Қазақстан намысын 42 спортшы қорғайды. Яғни, қазіргі уақытта қоржынымызда спорттың 5 түрінен 29 жолдама бар. Бұған дейінгі жасөспірімдер олимпиадасынан жерлестеріміз күміс пен қола медаль алып қайтты. Алтын әлі бұйырмай жүр. Бұл жолы мамандар биатлоншы Ильяс Хасенов пен шаңғышы қыз Виолетта Митропольскаяға, конькиші Кристина Шумекова мен шорт-трек шебері Ерасыл Шыңғысханға үлкен үміт артып отыр.
Елсияр Қанағатов, Олимпиадалық ойындарға дайындық бойынша штаб жетекшісі:
- Біздің алған жолдамамыз бұрынғыға қарағанда көбірек. Мен ойлаймын біздің қысқы спорт түрлерін дамытатын потенциал да әлі де жағдай бар. Сараптама жасасақ, қысқы спортты дамытатын облыстарда осы қысқы спорт түріне ерекше көңіл бөлу керек.