Астанада балалар арасында футбол турнирі басталды

Астана Кубогі.

Дәл осындай атаумен елордада футболдан балалар арасындағы арнайы турнир басталды. Турнирге 10 жастағы өрендер қатысып жатыр. Бас-аяғы 8 команда жиналды. Енді олар алдағы 3 апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Яғни әр аптаның демалыс күндері топтық кездесулер ұйымдастырылады. Кейін үздік шыққан қос команда бас жүлдені сарапқа салады. Айта кету керек, 10 жасар балалар үшін бұл өміріндегі ең алғашқы ірі жарыс саналады. Сондықтан мақсат жас аяқдопшыларды жасыл алаңда көбірек жүгіртіп, барынша шеберліктерін шыңдау дейді мамандар.

Еркебұлан Жомарт, №8 спорт мектебі директорының орынбасары