Шорт-трекші Полина Омельчук жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Ол 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді. Бұл бәсекеде қытайлық Цзиньцзы Ли жеңіске жетсе, оның отандасы Цзиньжу Ян күміске қол жеткізді. Айта кетелік, Қазақстан қоржынындағы медаль саны екеуге жетті. Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных алтын медаль иеленген болатын. 

Полина Омельчук, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Баршаңызға сәлем! Қолдағандарыңыз үшін рахмет! Ол мен үшін өте маңызды әрі сондай әсерлі болды. Бұл менің алғашқы Олимпиада ойындарым, ал мен әзірден-ақ жүлдегермін. Не айтарымды білмей тұрмын, бұл мен үшін бақыттан да зор. Әлі ертеңгі күн бар, ертең бұдан да асып түсуге уәде беремін.

Венгрияның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир аяқталды. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде жерлестеріміз 5 алтын жүлдені жеңіп алды. Дәлірек айтсақ 48 келіде өнер көрсететін боксшымыз Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, 57 келідегі Асылжан Серікбай мен 60 келідеге Бейбарыс Жексен турнир қожайындарын тізе бүктірді. Ал 63,5 келідегі отандасымыз Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачтан айласын асырса, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Пал Ковачты жеңіп жарыстын алтын тұғырынанан көрінді. Сондай-ақ 51 келідегі Даниял Сәбит, 54 келідегі Кенже Мұратұлы, 71 келідегі Сабыржан Аққалықов, 86 келідегі Темірлан Мұқатаев ақтық сында қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Жерлестерміз 5 алтын, 4 күміс жүлдені иеленіп, командалық есепті 1-орынмен аяқтады.

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен Анри Деглан гран при турнирі өз мәресіне жетті. Аталған жарыста еркін күрес шеберлері ел намысын қорғап, 1 күміс пен қос қолаға қол жеткізді. 92 келіде белдескен Әбдіманап Байгенжеев тұғырдың 2 ші сатысынан көрінсе, 70 келдіге Рифат Сайботалов пен 79 келідегі Ерхан Бексұлтанов қола жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетейік, қазір күрес түрлерінен ел құрамасы еншісінде жазғы олимпиадаға 2 жолдама бар. Ендігі кезекте жолдама алу үшін жерлестеріміз екі іріктеу турнирде бақ сынайды. Оның алғашқысы 19-21 сәуір күндері Бішкек қаласында өтетін құрлықтық іріктеу бәсекесі ал екіншісі Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін әлемдік іріктеу турнирі.

Кувейтте өтіп жатқан стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында жерлестеріміз үш медаль жеңіп алды. Скит жаттығуы бойынша Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пеньков жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Командалық сында тұғыр биігіне көтерілген Илья Пенков жекелей сында қола жүлдені қанжығасына байлады. Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы «скиттен» командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі үздіктер қатарынан көрініп отыр.

Айта кетейік, лицензиялық Азия біріншілігі 23 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған сынға құрлықтағы 35 елден 350-ден аса спортшы бақ сынауда. Қазір ел қоржынында 3 алтын 4 қола жүлде бар.