Асық атудан ел чемпионаты өтіп жатыр
Ақтауда жасөспірімдер арасында асық атудан алғаш рет ел чемпионаты өтіп жатыр.
Жарысқа қатысушы 300-ге жуық спортшы «Бес асық» ойынынан да бағын сынайды.
Бұған дейін өткен сайыста қатысушылар арқардың және құлжаның асығын қолданатын еді. Соңғы кезде заманауи үлгідегі асықпен ойнауға көшті. Бұл чемпионатта салмағы 30 грамдық пластик сақалар қолданылады. «Асық ату» елімізде кәсіби спорт түрі саналады. Барлық өңірде жыл сайын оқушылар арасында жарыс өтеді.
Сейітхан Айтуар, жарысқа қатысушы /Астана/:
- Асық ату оңай емес. Оған дәлдік керек, мергендік керек. Ойланып ату керек. Қазақстан чемпионатына мен үшінші рет келіп тұрмын. Ең біріншісі – Баянауылда, екіншісі – Қызылордада, үшіншісі – Ақтау. Мықты қарсыластар бар әрине, олар Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан.
Ілесбай Омаров, Асық атудан Маңғыстау командасының аға бапкері:
- Жарыс айналма түрде, өте тартысты болып жатыр. Қызықты. Төреші ретінде жүздің үстінде аға бапкер келген. Бұл чемпионаттың өте маңыздылығы бізге, Маңғыстау өңіріне серпін береді деген ойдамыз. Алдағы уақытта оқушыларымызға ақпарат береміз, асық ату мен бес асыққа қызықтыру мақсатында.