Шахматтан ел чемпионаты басталды
Жезқазғанда 20 жасқа дейінгі жастар арасында, шахматтан республикалық чемпионат басталды.
Бір аптаға жалғасатын додаға еліміздің әр өңірінен іріктелген 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар блиц, рапид және классикалық шахматтан сынға түседі. Үздік шыққандар мен жүлдегерлер тиісінше, Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алады.
Олег Ринас, бас төреші:
- Бұл чемпионаттың әсіресе жезқазғандықтар үшін маңызы ерекше. Жаңа облыста осыған дейін шахматтың дамуы кенжелеп қалған еді. Былтыр ғана облыстық федерация құрылды. Жалпы жыл соңына дейін Қазақстан шахмат федерациясы 36 жарыс өткізеді. Ол турнирлер еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылады. Бұл- барлық аймақта шахматтың тең дамуына жол ашады.