22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында еліміз он бір алтын алды
Елордада бокстан 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегі өтті.
Жарысқа 25 мемлекеттен 400-ге тарта спортшы қатысты. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері турнирде 11 алтын медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ұлттық құрамаға жалпы командалық есепте бірінші орын алуға мүмкіндік берді.
Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының президенті:
- Кездесулер өте тартысты өтуде. Біздің құрамадан 38 боксшымыз финалға шығып отыр. Бәріне жеңіс тілейміз. Осындай жарыстарда резервті мықты боксшыларды ересектер қатарына өтіп әлем чемпионатында олимпиада ойындарына қатысатын боксшыларымызды анықтау үшін бұл өте үлкен мүмкіндік болып табылады біз үшін.