БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлына арналған бильярд турнирі өтті

Елордада БАҚ өкілдері арасында тележурналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған республикалық бильярд турнирі өтті.

Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі додаға телевизия ардагерінің жақын достары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Олар өзара үздікті анықтап, осы жолы шығармашылық жолындағы емес, тастаяқ ойынындағы шеберліктерін сынады. Жеңімпаздарға турнирдің арнайы кубогі мен қаржылай сыйлықтар табысталды. 

Қарлығаш Табулдинова, Нұртілеу Иманғалиұлының жары:

- Нұртілеу Иманғалиұлы десе елдің көз алдына тележурналист ретінде келіп жатады. Бірақ Нұр-ағаңыз өмірде барлық жағынан талантты болған. Спорт жағынан да, бокстан, волейболдан, жүзуден де, өнерден де хабары бар еді. Домбырамен ән айтатын деген сияқты. Нұртілеу Иманғалиұлын осындай үлкен іс-шарамен еске алып жатқанына ризашылығымлы білдіремін. 

Сәдібек Түгел, "Әлем қырандары" бильярдшылар қауымдастығының президенті:

- Бильярд өте құдіреті күшті ойын. Ол ең алдымен азаматтардың басын біріктіретін сондай ерекше ойынның түрі. Мұны нағыз мырзалар, джентельмендер ойнайды. Біздің өмірден өткен арыстарымыздың бәрі ол біздің ұлттық құндылықтарымыз. Сол құндылығымыздың бірі Нұртілеу ағамызды еске түсіріп жатырмыз.