Милад Карими Азия чемпионы атанды
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Милад Карими жеңімпаз атанды.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, спортшы осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлдегер атанған еді. Отандық гимнастшы финалдық жарыста үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Азия біріншілігінде күміс пен қола жүлдені қос қытайлық спортшы еншіледі.