Жезқазғанда «Таза Қазақстан» экоакциясы аяқталды
Жезқазғанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аяқталды.
Бүгін қала тұрғындары мен ірі кәсіпорын еңбеккерлері кезекті тазалық шарасына қатысып, өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы санитарлық науқан басталғалы қалада бірнеше сенбілік өтіп, оған 31 мың адам қатысқан. Нәтижесінде 5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, 10-нан астам рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары жойылды. Көгалдандыру бағытында 4 мыңға жуық ағаш егілді.
Руслана Қожабаева, қала тұрғыны:
- Кішкентай баланың өзін тазалыққа үйретуіміз керек қой. Жерге қоқыс тастамау. Мысалы, кейбір кезде қынжылтады, тазалап кетесің, одан кейін қоқыс шашылып жатады. Бүгін біз Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін бізге берілген учаскені тазалаймыз толықтай. Өткен жетіде біз талдарды әктегенбіз.
Гүлмира Қаженова, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Бұл акцияға қатысып сәуір айынан бастап біраз сенбілікке шыққанбыз. Негізі қуантатын жағдай қаламыз тазарып келе жатыр. әлде де жұмыс әрине көп. Бүгін біз паркте жұмыс істеп жатырмыз. Парк әжептәуір тазарып қалыпты.