Елімізде спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды
Алдағы 3 жылда отандық спорт саласына 1,3 трлн теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлайды 24kz.
Алайда салаға бөлінетін қаржы ұлғайтылып жатса да, еліміздің олимпиадалық рейтингтегі дәрежесі төмен. Бұл саладағы жемқорлық тәуекелдері әлі де жоғары болуымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік талдау жүргізіп, осындай қорытындыға келді. Мемлекеттік қаржы тиімсіз жұмсалуда.
Атап айтқанда, жоғары жетістіктер және бұқаралық спортты қаржыландыру көлемі арасында 9 есе айырмашылық бар. Спорт ұйымдары мен уәкілетті органдардың қаржы игеруі қатаң бақылауды қажет етеді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының спорт федерациялары мен кәсіби клубтарының тиімсіз шығыстар тәуекелдері анықталды. Мысалы клуб басшыларының жалақылары өсіріліп, спортшылар 5 жұлдызды қонақ үйге орналастырылған. Осы мәселелерді атай келе, агенттік салалық министрлікке тиісті шара қабылдауды ұсынды.