Елордада асық атудан ел чемпионаты басталды

Онда 8-10 жас аралығындағы ұлттық ойын шеберлері бақ сынап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Биылғы бәйгенің басты ерекшелі 17 өңірден командалар қатысып жатыр. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Бас-аяғы 130-дан аса жас мерген өзара мықтыны анықтайды. Жарыс 4 күнге жалғасады. Топтан озып шыққан жүлдегерлер ұлттық құрама сапына алынып, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайды.

Жомарт Оразов, асық атудан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:

- Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша балалар іріктеліп, ұлттық құрамаға кіреді. Алдағы жоспарда бізде, халықаралық федерацияның алдында тұрған міндет – Азия балалары деген кешенді халықаралық жарыс бар, соның бағдарламасына кіру. Сонда балаларымызды ойнату және одан әрі бізде жабық ғимараттардағы Азия ойындары бар. Сол кешенді жарыстардың бағдарламасына асық атуды кіргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.