Астанада бочча сарайы салынады

Бұл туралы Қазақстан бочча федерацияның вице-президенті брифингте айтты.

Жаңа спорт нысанында тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарға қолайлы жағдай жасалады. Елде параспорттың бұл түрін дамытуға кейінгі жылдары ерекше көңіл бөлініп жатыр. Оған меценаттар да қаржылай қолдау көрсетіп отыр. 10 өңірде федерация филиалдары ашылды. Олар биыл республикалық чемпионатқа 90-ға жуық спортшыны алып келді. Былтырғымен салыстырғанда қатысушылар саны едәуір көбейген.

Назым Жанғазы, Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті:

- Қазір келіссөздер жүргізілді. Өте оң жағынан болып жатыр. Ақша бөлінетін болды. Сондықтан, бұйырса, 1-2 жылда Астананың өзінде үлкен бочча орталығы болып қалады деп отырмыз. Өңірлерге дұрыс жабдықтар жетсін деп, бөліп жазып жатырмыз. Жоспар құрып жатырмыз, кімге не алу керек екенін.

Дамир Әлімжан, Қазақстан бочча федерациясының спортшысы:

- 3 жыл болды қатысқаныма. 2 рет бірінші орын алдым, 2 рет екінші орын алдым. Бочча өзіме ұнайды. Жақсы ойын.