Бокстан ұлттық құрама Парижге тағы үш лицензия алды
Қазақстан Ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасына бокстан тағы 3 лицензия ұтып алды.
Бангкок қаласында өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста Назым Қызайбай қарсыласын үшінші раундта нокдаунға түсірді. Ол 50 келідегі салмақ дәрежесінде Солтүстік Кореяның жас спортшысы Су Хьян Канды жеңді. Ал, 75 келіде сынға түскен Валентина Хальзованың ұпай саны Колумбия спортшысы Ширлейдистен басым түсіп, олимпиадаға жолдама алды. Сонымен қатар Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да Париж Олимпиадасына барады. Ол 63,5 келідегі іріктеу кезеңіндегі шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады. Қазір қорда барлығы 58 лицензия бар.