Қызылорда облысында 15 спорт кешені салынады

Биыл Қызылорда облысының ауылдарында 15 спорт кешені салынады.

Бүгінде өңірдегі жүздеген бала мектептердің спорт залында немесе мәдениет үйінің аядай бөлмесінде жаттығып жүр. Осы мәселені шешу үшін соңғы жылдары спорт нысандарын көбейту жұмысы қолға алынды. Былтыр облыс көлемінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ал биыл Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті мен шалғайдағы Бекарыстан би, Қожабақы ауылында жаңа спорт кешені салынады. Жоба құны – 550 миллион теңге. Аудан орталығында да бұған дейін футзалға арналған алаң болмаған.

Панабек Әлиев, мердігер компанияның өкілі:

- Ұзындығы 50, ені 25 метр, жабық спорт кешені болады. Ішінде футбол алаңы болады, екінші этажында теннис залдары болады. Биылға 50 миллион теңге ақша қаралып тұр. Келесі ақшасы қаралса, осы жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.