Алматыда велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Жарыста 30 мемлекеттің спортшылары бақ сынайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін қыздар арасында бәсеке өтті. 16 шақырымдық жарыста қазақстандық жас өрен Мария Елькина жеңімпаз атанды. Ал ұлдар арасындағы сында жерлесіміз Михаил Подлужный мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.

Райымбек Баталов, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті:

- Жас спортшыларымыз алтын алқа тағып жатыр. Кеше 3 медаль жеңіп алдық. Сондықтан бұл Азия чемпипионаты біздің ел үшін  нәтижелі болады деген сенімдеміз.