Лео Игитаның басы дауға қалды

Футзалдан Қазақстан құрамасының әрі «Қайрат» клубының қақпашысы Лео Игитаның басы дауға қалды.

Әлеуметтік желіде оның автобусқа барар жолда қос команданың эмблемасын аяғымен басып өткен видеосы тарап жатыр. Бұл жағдай әсіресе, «Ақтөбе» мен «Астана» клубы жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Олар Игитаның әрекетін қатты сынға алып, федерация басшылығынан футзалшыны жазалауды талап етті. Көп ұзамай қақпашының өзі де арнайы жазба жариялап, ресми кешірім сұрады. 

ЦИТАТА: Лео Игита, «Қайрат» клубының қақпашысы 

«Мен екі клубтың эмблемасын таптағаным үшін кешірім сұраймын. «Қайрат» жанкүйерлерінің бұл әрекетін түсінген жоқпын. Барлығы қас-қағым сәтте болды. Видеоны көргеннен кейін ғана аяғымның астында жатқан «Ақтөбе» мен «Астананың» белгілері  екенін түсіндім. Мен Қазақстан футзалын жақсы көремін және осы спорт түрінің елімізде дамып келе жатқанына қуанамын... 

Артынша «Қайрат» футбол клубы да ресми үндеу жариялап, бұндай жағдайларға жол беруге болмайтынын және алдағы уақытта алдын алуға тырысатынын жеткізді. Алматылық клуб елімізде футзалдың дамығанын және қарсыластарға құрмет пен достық қарым-қатынас үстем болғанын қалайды делінген арнайы хабарламада. Одан кейін Қазақстан футзал федерациясы да осыған ұқсас мәлімдеме жасады. Айта кетейік, бразилиялық ойыншы 2011 жылдан бері «Қайраттың» намысын қорғап жүр. Ол Қазақстан құрамасында 2013 жылдан бері өнер көрсетеді. Сондай-ақ Игита 5 рет футзалдан әлемнің үздік қақпашысы атанды.

футболдан ұлттық құрамамыз Венгрияның Сомбатхей қаласына жетіп, кезекті кездесуге  дайындалып жатыр.  Дәл осы жерде ертең Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық матч болады. Айта кетейік, бірер күн бұрын қазақстандық жігіттер Армения құрамасымен де жолдастық кездесу өткізкен еді. Ойын барсында біздің команда 2:1 есебімен есе жіберді Айта кепту керек, бұл - ұлттық құраманың бас бапкер ауысққанан кейінгі алғашқы матч. Яғни, жуырда ресейлік Магомед Адиевтің орнына тағы бір ресейлік маман Станислава Черчесов тағайындалды. Бірақ, ол дәл қазір команданың басы-қасында жүрген жоқ. Әлі толыққанды іске кіріспеді. Әзірге командаға Руслан Балтиев жетекшілік етуде. Әзіербайжан құрамасы да соңғы жолдастық кездесуінде жеңіліп қалды. Олар Албания құрамасымен жолыққан болатын. Матч 3:1 есебімен аяқталды. Ал Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы кездесу ертең біздің уақытпен 19:00-де басталады.

Константин Малиновский 6-шы орында. Германияның Мюнхен қаласында сұрмергендер сайысы мәресіне жетті. Айта кету керек, бұл нысана көздеу шеберлері үшін олимпиада алдындағы соңғы ресми жарыс саналады. Сондықтан, дайындықты пысықтап, тәжірибені арттыратын жақсы мүмкіндік. Осы мақсатта байрақты бәсекеге  88 елден 600-ден аса қатысушы жиналды. Олардың арасында 20-ға жуық жерлесіміз бар. Әсіресе, Константин Малиновский 50 метрге 3 позициядан винтовкамен атуда өте сәтті өнер көрсетіп, финалға шыққан болатын. Ақтық сында 419,6 ұпай жинап, жалпы есепте 6-шы сатыға жайғасты. Айта кетейік бұл Константиннің биылғы Әлем Кубогы кезеңіндеріндегі2-ші финалы. Ол бір ай бұрын Рио-де-Жанейродағы жарыста да осы бағдарламаданың жекелей сынында 693 ұпай жинап, ақтық сынға шықты. Сонымен қатар Қазақстан рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте 5-орынға тұрақтады. 

Константин Малиновский, ұлттық құрама мүшесі:

Жарыстың соңғы күні бәсекелестік жолғары болды. Нәтижесінде, өз қателіктерімді түсіндім. Енді алдағы күндері сонымен жұмыс істеп, шеберлігімді одан сайын шыңдауға тырысамын. Осы жақта олимпиададағы басты қарсыластарымды кездестірдім. Бірге жарыс алаңына шықтым. Енді Париждегі ойындарға тыңғылықты дайындалуымыз қажет. 

Ольга Довгун, ұлттық құраманың бас бапкері:

Басты мақсат олимпиада алдындағы шама-шарқымызды байқау болды. Қазақстандық қыз-жігіттер жақсы өнер көрсетті. Әсіресе Ислам Сәтпаев, Александра Ле және Константин Малиновский жақсы нәтиже тіркеді. Енді жоспар бойынша олимпиадаға бағытталған жатығу жұмыстарына кірісеміз.

Ал, жылжымалы нысананы көздеу шеберлері Финляндиядадағы байрақты бәсекеге қатысты. Бұнда алдымен сұрмергендер арасындағы жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Артынша жерлестеріміз халықаралық гран-приде бақ сынап, 3 бірдей жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, 10 метрдегі жылжымалы нысаныны көздеуде қазақстандық Фатима Ирназарова ең үздік нәтижи тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. Зухра Ирназарова екінші, ал Александра Садуақасова үшінші орынға тұрақтады.