Балаларды спорт секцияларына беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді.

Енді кезек ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Балалардың кезегі олардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша жас шектеулері ескеріле отырып, әр спорт секциясы бойынша жеке құрылады. Мұнда орын ауыстыруға жол берілмейді. 

Азамат Апахаев, ҚР ТСМ бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы:

- Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер "Білім туралы" заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілген.