Олимпиада: Қазақстан ұтып алған лицензия саны 70-тен асты

Жолдаманың жалпы саны 70-тен асты.

Париждегі олимпиада ойындарының басталуына өте аз қалды.  Қазір қазақстандық спортшылар соңғы лицензиялық жарыстарға қатысып, жолдама санын арттыруға барын салуда. ++

Бүгінгі таңда белгілісі  22 спорт түрінен 71 лицензиямыз бар.

Кирилл Герасименко үшінші олимпиадасына барады. Қазақстандық үстел теннисі шебері рейтинг бойынша қажетті ұпайды жинап, жазғы ойындардың лизенциясына қол жеткізді. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған тізімінде ол Азия құрлығында жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Герасименко бұған дейін Рио және Токио олимпиадаларына да қатысқан болатын. Алайда жүлделі орындарға іліге алмады. Ал Париж Олимпиадасында үстел теннисі бойынша бәсекелер 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары иеленген лицензияның жалпы саны 71-ге жетті. Оның ішінде ең көп жолдаманы еліміздің боксшылары жеңіп алды. Бұған қоса палуандар мен сұрмергендердің де көрсеткіші жоғары.

Жалпы есепте бірінші орындамыз. Алматыда тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге 30 елден 500-ге жуық шабандоз қатысқан болатын. Олардың арасында 18 қазақстандық спортшы бар. Ұлттық құрама өкілдері бас-аяғы 4 алтын, 2 күміс және 4 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ басына шықты.  Жерлестеріміз әсіресе командалық аралас эстафетада сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Бұған қоса, жекелей сында Николя Винокуров пен Евгений Федоров ең үздік көрсеткішті тіркелді. Ал топтық сайыста Ақпейіл Өсім жеңіске жетті. Күміс пен қола алғандар тізімінде Андрей Ремхе, Дмитрий Груздев, Рината Сұлтанова және Елизавета Склярова сияқты спортшыларымыз бар. Ал жарыстың соңғы күні ерлер арасында 151 шақырымға созылған топтық сайыс ұйымдастырылып, қазақстандық Евгений Федоров қоржынымызға тағы қола медаль салды. Жалпы есепте Қытайдың Тайпэй елі екінші орында болса, Оңтүстік Корея спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Түркі елдерінің олимпиадасы. Париждегі жазғы ойындардан кейін Астанада да дүбірлі дода өтеді. Байрақты бәсекеге 90-ға жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 85 мемлекет келетінін ресми түрде растады. Ерекшелігі сол – көшпенділер ойынында тек түркітілдес елдің құрамалары ғана емес, Ангола, Бруней, Камерун, Мадагаскар, Руанда, Эквадор, Мексика, Нигерия сияқты елдердің де спортшылары бақ сынайды. Тізімде тіпті біз бұрын-соңды естімеген мемлекеттер де бар. Яғни Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өзінің о бастағы мақсатын асыра орындап, шекарасын айтарлықтай ұлғайта түсті деген сөз. Қазір Астанада дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр және кеше айтулы аламанның билеттері  сатылымға шығарылды. Еске сала кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8 қыркүйекте басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Аударыспақтан Ұлттық құрама Астанада өтетін көшпенділер ойындарында бас жүлде алуды көздейді. Қазақ жігіттері қазір Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүр. Жанбатыр Бекмұсаев шәкірттері қыркүйектегі кешенді сайысқа тыңғылықты дайындалуда. Үшінші жиынға 12 балуан шақырту алған. 80 келіде ат үстіндегі күрестен әлем чемпионы Дарын Өткелбай көшпенділер ойындарына қатысады. Ал өзге бес салмақтың мықтысы шілдедегі жиында анықталады. Ұлттық команда тамызда елордада бас қосып, соңғы дайындықтарын пысықтайды. Астанадағы көшпенділер ойындарына аударыспақтан 11 мемлекеттің құрамасы келеді. 

Жанбатыр Бекмұсаев, аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Алдындағы екі жаттығуымыз жалпы дене дайындығы болса, бұл жерде атпен үшінші жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Ұлттық құрамамыздың 6 салмақ дәрежесіндегі екі құрам жігіттермен жұмыс жасап жатырмыз. Және облыстардан келген үш балуан бар.

Дарын Өткелбай, аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Дайындығымыз өте сапал өтуде. Осы үшінші жиынымыз. Үшінші жиында атпен жұмыс жасап жатырмыз.