Алматыда шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен брифинг өтті

Алматыда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жарысқа сары құрлықтың 30-ға жуық мемлекеті жиналған. Бүгін шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен брифинг өтті. Қазыбек жуырда Үндістандағы әлем чемпионатының абсолютті чемпионы атанды. Отандасымыз соңғы турда өзінің басты қарсыласы армениялық гроссмейстер Мамикон Гарибянды жеңді. Енді ол тек әлем чемпионы атанып қоймай, әлем кубогына жолдама алды. Қазақстандық спортшылар арасынан мұндай жетістікке тек Дәрмен Сәдуақасов, Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік қол жеткізген.

Қазыбек Нөгербек, шахматтан әлем чемпионы:

- Мен енді сенемін және өте көп жеңістер әкелсем. Мен өте қатты қуанамын. Әрине өте көп мақсаттар бар. Және де өз қазақ елімді қуантқаныма өте қуаныштымын сол үшін. Рахмет.