Садақ атудан тарихи жетістік

Садақ атудан тарихи жетістік

Тарихи жетістік. Қазақстандық сұрмергендер алғаш рет әлем кубогында топ жарды.

Садақ ату бойынша дүниежүзілік додада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары блоктық сайыстың аралас жұптық бәсекесінде ең үздік нәтиже тіркеді. Бұл сында ел намысын Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова қорғаған болатын. Олар әлем чемпионатына келген 24 команданың арасынан суырылып алға шықты. Ақтық сында Ұлыбритания командасымен жолығып, бас жүлдені сарапқа салған. Қазақстандық дуэт 158:155 есебімен жеңіске жетті. Осылай алтын Қазақстан, күміс Ұлыбритания, ал қола Италия спортшыларына бұйырды. Айта кетейін, Тютюн мен Жексенбинова жұбы бірер күн бұрын ғана Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогы кезеңінде де сәті өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол да құрлықтық деңгейдегі алғашқы ірі жеңісіміз саналады.

Адель Жексенбинова, жарыс жеңімпазы:
-
Өте қуаныштымын. Бүгін Антальяда әлемдік аламанның жеңіс тұғырына көк туымызды көтердік. Бұл осы уақытқа дейін төккен теріміздің жемесі деп есептеймін. Биыл екінші рет айтулы додада жүлдеге ілігіп отырмыз және ары қарай да осы жеңіс жолын жалғастыруға тырысамыз.