Әмір Маймұратов Олимпиадаға барады

Ұлттық құрама қоржыныдағы лицензиялар саны тағы біреуге артты.

Бұл жолы құзға өрмелеу шебері Әмір Маймұратов жолдама жеңіп алды. Ол Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз жылдамдық бағыты бойынша финалға дейін жетіп, соңғы сында күміс жүлде иеленді. Ол қытайлық У Пэнге ғана есе жіберді. Айта кетелік, олимпиадаға іріктеу екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Шанхайда, екіншісі Будапештте өтті. Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленді. Айта кетейік, дәл осы спорт түрі 2021 жылы Токио олимпиадасында жазғы ойындар бағдарламасына қосылған болатын. Ол кезде Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин қатысты. Ал Әмір жазғы ойындарға жолдама жеңіп алған екінші қазақстандық спортшы атанып отыр.