Ерлік Сертай Азия чемпионатында жүлдеге ілікті
Семсерлесу бойынша құрлық додасы Кувейт елінде өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшы семсерлесудің сапы бағытынды сынға түсіп, қола жүлдеге қол созды. Ол іріктеу кезеңдерінде Иран, Ирак және Қытай спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда тағы бір қазақстандық Эльмир Әлімжановпен жолығып, жеңіске жетті. Ал жарытылай финалда Гонк-Конг өкіліне есе жіберді. Ерлік ұлттық құармадағы ең жас спортшы саналады. Ол Париж олимпиадасына жолдама алған болатын. Франциядағы жазғы ойындарда командалық жарыста бақ сынайды. Кувейттегі байрақты бәсеке 27-ші маусымға дейін жалғасады. Сәйкесінше, ұлттық құраманың басқа өкілдерінде жеңіс жолын жалғастыруға мүмкіндік бар. Айта кету керек, осы спорт түрінен 5 жолдама жеңіп алдық және Азия чемпионаты олимпиада алдындағы соңғы жаттығу саналады.