Қазақстан алғаш рет брейкинг бойынша Олимпиадаға қатысады
Будапешт қаласында дәл осы бағыт бойынша лицензиялық жарыс өтті.
Бұл сынға Қазақстан атынан Амир Закиров бақ сынаған болатын. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен ғана жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квотаны да иеленіп отыр.Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, Амир 71 ұпай жинады. Ол Шанхайда 15-ші орын алған еді. Ал Венгриядағы нәтижені қоса есептегенде 6-шы сатыға көтеріліп отыр. Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.