Қазақстан-Норвегия матчы қайда өтеді?
Эрлинг Холанд Алматыда доп тебеді.
Футболдан Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия матчы қайда өтетіні белгілі болды. Бұл мәселе біраздан бері қызу талқыланып келеді. Осы орайда Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев кездесудің Алматыда ұйымсдастырылатынын қадап айтты. «Біз бұған дейін бірнеше нұсқа қарастырдық. Енді нақты шешімге келіп, жоспарды іске асыруға көштік. Ұлттық құраманың күзге жоспарланған барлық матчы Алматыдағы орталық стадионда өтеді. Жергілікті әкімдік тарапынан қажетті жұмыстар атқарылып жатыр» - деді Серік Жараспаев. Айта кетейік, Қазақстан биыл Ұлтар лигасының «В» санатында өнер көрсетеді. Оның аясында Австрия, Словения және Норвегия құрамаларымен жолығуы қажет. Яғни 6-шы қыркүйекте өз алаңымызда Норвегия құрамасын қабылдаймыз. 13-ші қазанда тағы да өз алаңымызда Словенияға, ал 14-ші қарашада Австрияға қарсы матчтар күтіп тұр.