Түркістанда жастар арасындағы халықаралық турнир басталды
7 елдің үздіктері Түркістанға жиналды.
Бұнда олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жүлдесіне арналған жастар арасындағы халықаралық турнир басталды. Оған өзбек пен қырғыз айғайындар сол секілді тәжік пен грузиндер өздерінің болашағынан үміт күттіретін былғары қолғап шеберлерін әкелді. Сонымен қатар шаршы алаңда Ресей мен Моңғолия елінің өкілдері де бақтарын сынап жатыр. Ал Қазақстан намысын Төрехан Сабырхан секілді серке спортшылар қорғайды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Мұхтархан Ділдәбековпен бірге Сидней шаршы алаңына шыққан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Олмипиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмәділов және Әлем чемпиондары Біржан Жақыпов пен Қайрат Ерәлиевтер қатысты. Халықаралық турнирдің қонағы ретінде Мұхтархан Ділдәбековтың бұрынғы кубалық қарсыласы Алексис Рубалкаба да арнайы келді. Жастар арасындағы жарыс 28-ші маусымға дейін жалғасады.