Шымкентте V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына іріктеу кезеңі өткізілді

Шымкентте алыптар арасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына іріктеу кезеңі өткізілді.

Салмағы 90 келіден асатын жауырынды жігіттер найза лақтырып, 100 келі тартатын бөрене көтерді. Ауыр тасты құм үстінде алып жүріп, арба тартты. Жарысқа барлығы 15 спортшы қатысты. Олар бес кезең бойынша білек күшін сынап, төзімділігі мен ептілігін байқатты. Қазалардың шешім шығаруына толағайлардың өнері мен көрермен қошеметі де әсер етті. Үздік үштіктен бөлек болашағынан үміт күттіретін қатысушыларға сый-сияпат жасалды. Бас жүлде иегеріне жаз айының соңына қарай өтетін республикалық жарасқа жолдама берілді.

Тимур Дәулетбақұлы, «Толағай» алыптар сайысының авторы:

- Болашақ жас, мықты Қажымұқандарды шығаруға ниет жасап жатырмыз. Жеңіп шыққаны сол Астана қаласындағы «Қазақстан додасына» қатысады. Қазақстан додасында жеңіп шыққан палуан ол әлемдік V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады.