Париж Олимпиадасы: Сена өзенінде жарыс өткізуге болмайды
Франциядағы Сена өзені жазғы Олимпиада ойындары кезінде жүзу жарысын өткізу үшін талапқа сай болмай тұр, деп хабарлайды 24kz.
Өткен апта алынған сынама нәтижесі көңіл көншітпейді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, зерттеу қорытындысы қалыпты нормадан асып түскен. Су құрамынан зиянды бактерия анықталған. «Оған жаңбыр суы, ағыстың жылдам жүруі мен құбылмалы температура әсер етіп отыр», - дейді мамандар. Ауқымды шараға дейін өзен суы толық тазаланбаса, суда жүзу жарыстары бірнеше күнге кейінге қалдырылуы мүмкін деген болжам бар.