24.KZ жүргізушісі халықаралық жарыста топ жарды

Әріптесіміз Арыстан Балтин халықаралық жарыста топ жарды.

Болгарияда шинкиокушинкай-кан каратэ бойынша «Қара теңіз» Кубогы өтті. Оған 15 елден 340 спортшы қатысты.

Олардың арасында 24.KZ арасының жаңалықтар жүргізушісі Арыстан Балтин де бар. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кету керек, ол бұрыннан жапон жекпе-жегімен айналысады және дәл осы жүлде кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жеңісі саналады.

Бұған қоса, Қазақстан атынан барған Мәулен Махамбетов пен Руслан Ыдырысов күміс жүлдегер атанса, абсолютті салмақ дәрежесінде айқасқан Әсет Оразбеков қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар балалар арасындағы бәсекеде тағы бір қазақстандық Искандер Салюков қола жүлдегер атанды.