Париж Олимпиадасы кезінде 30 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Парижедгі Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 30 мыңнан аса полицей жұмылдырылады, деп хабарлайды 24kz.
Ал, спорттық іс-шараның салтанатты ашылуын 63 мың тәртіп сақшысы мен сарбаз қадағалайды. Спортшылардың дәстүрлі шеруі ашық аспан астында ұйымдастырылады. Әр елдің өкілдері қайықтарға мініп, Сена өзені арқылы өтеді. Қауіпсіздік мақсатында оларға камера орнатылады. Сонымен қатар жарыс кезінде елде барлық қару мен жарылғыш заттарды сату шектеледі. Париж Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады. Дүбірлі додаға 10 мыңдай спортшы қатысып, 300 мыңнан астам көрермен келеді деген болжам бар.