Senat Open: Павлодарда шахматтан сайыс өтіп жатыр

Павлодарда шахматтан Senat Open ашық кубогынің жартылай финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет ұйымдастырып отырған зияткерлік спорт бәсекесіне мәслихат депутаттары, қалалық және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен масс-медиа өкілдері қатысады. «Солтүстік» өңір бойынша үздіктер анықталатын жарысқа Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысынан жүзге тарта әуесқой шахматшы келді. Іріктеуден өткен 25 ойыншы тамыз айында Астана қаласында өтетін Senat Open финалына жолдама алады. Жалпы еліміз бойынша аталған шахмат турниріне іріктеу осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Ол 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада өтті.

Сәлімхан Сәбитов, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

- Солтүстік Қазақстан облысында депутаттар арасында бірінші орын алған болатынмын бірінші кезеңде. Ұйымдастырушыларға мың алғыс. Себебі осындай ойынға мән беріп, уақыт бөліп өткізіп жатқан жалпы бүгінгі ойыннан енді тырысамыз, жалпы төрт өңірден келгендіктен, барлықтарының мүмкіндіктері бірдей. Енді ойын қабілетіне байланысты өздерінің мықтылықтарын көрсетеді енді. Барлықтарына сәттілік тілеймін

Александр Бабенко, Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті:

- Әр аймақтан келген жиырма бес спортшының ішінен төрт үздік өкілі финалға өтеді. Сонымен қатар аймақтарға қарамастан қосымша тоғыз орын ойнатылады. Яғни, финалға өңірлер төрттен тоғыз ойыншыға дейін ұсына алады. Ақтық сайыс 31 тамызда Астана қаласында өтеді. Бұл нағыз шахмат мерекесі.