7 жеңіл атлет Олимпиадаға жолдама алды
Париждегі Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан 7 қазақстандық спортшы бақ сынайды.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді. Марафоншы Жанна Мамажанова және желаяқ Нора Джеруто іріктеу нормативін орындап, әлемдік додаға жолдама алған. Ал қалған атлеттер Олимпиадаға рейтинг арқылы өтті. Олар: Давид Ефремов, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеев, Ольга Сафронова және Дэйзи Джемпекей.
Айта кетейік, жолдамаға ие болған 7 спортшының төртеуі Олимпиадаға алғаш рет қатысады.