Асық ату – адамзатқа ортақ ойын

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Парижде асық ату ойынының сан ғасырлық тарихы таныстырылды.

Қырғыз ғалымы Назгүл Рысмендеева арнаулы кітап зерттеу барысында мұрағатпен танысып, асық – адамзаттың алғашқы ойыны екенін анықтаған. Сондықтан оның жобасы халықаралық сипатқа ие болды.

Париждегі Қырғыз елшілігінде Назгүл Рысмендееваның асық туралы кітабының тұсаукесері өтті. Негізі бұл ойын бүкіл әлемде болған екен. Дәлел ретінде Ежелгі Грекия, Рим, Византиядан көне жәдігерлер табылған. Бірақ бүгінге дейін сақтап қалған – Орталық Азия елдері. Зерттеушілер асықпен байланысты 80 ойын түрін анықтады. Оның екеуі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бағдарламасына енгізілген.

Назгүл Рысмендеева, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Бұл ойынды тек қазақ, қырғыз, көшпенділер ғана емес, сондай-ақ әлемнің барлық халқы ойнаған. Оның тамыры өте тереңде, неолит дәуіріне дейін барады.

Надин Пьерро, "Kyrgyz club-france" қауымдастығының мүшесі:

- Францияда біз асықты бұрыннан ойнайтынбыз, балалар қазір де ойнап жүр. Маған 3 немерем үйретті. Баяғыда асық табу қиын болатын, ұқсас нәрселермен ойнайтын едік.

Флоранс Вивьен, "Galaxy art" арт-галереясының президенті:

- Бізге асық ойыны таралған барлық жердің картасын көрсетті. Оның бүкіл жерде болғанын мүлде білмейді екенмін.