Қоян-қолтық ұрыстан қазақ әскерилері чемпион атанды

Қазақстандық әскерилер қоян-қолтық ұрыстан чемпион атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Қырғыз еліндегі жарыс ТМД армиялары арасында ұйымдастырылды. Қатысушылар 9 салмақ бойынша бақ сынасты. Байрақты бәсекеде 57 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Жандос Мадехянов пен 60 келіге дейінгілер арасында Арман Шәкіртов бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ 65 және 70 келіге дейінгі салмақ санатында жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. «Қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілердің күш-қуатын шыңдап, бәсекелестік рухын арттырады. Әрі өзара достық қарым-қатынасты нығайтады», – дейді ұйымдастырушылар.