Астанада теннистен Президент кубогі басталды
Бірінші жарыс күні қазақстандық жас спортшылар жеңісімен қуанта алмады.
Мәселен, Ислам Орынбасар Үндістан өкіліне жол берсе, Ерасыл Ерділдә ресейлік қарсыласынан ұтылды. Енді бүгін еліміздің негізгі үміті саналатын Әмір Омарханов пен аса тәжірибері Григорий Ломакин кордқа шығады. Халықаралық турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.
Карлос Адамес: Жәнібекпен жұдырықтасуды қалаймын
Карлос Адамес Жәнібектің тезірек суығып кетуін тілеп, жекпе-жек өткізгісі келетінін жеткізді. Доминикандық кәсіпқой боксшы, шыны керек, көпшілікті таңқалдырды. Өйткені бұған дейін ол, керісінше, қазақсандық былғары қолғап шеберімен кездесуден қашып, әртүрлі жолмен мазақ қылып жүрген. Ал енді белбеулерді біріктіретін шоу өткізуді ұсынды «Жәнібек тезірек сауығып кетеді деп үміттінем. Қараша айында Джервонта Дэвис пен Василий Ломаченко жекпе-жегінің аясында онымен жұдырықтасуды қалаймын. Бәске үш бірдей чемпиондық белбеу тігіледі», - деп жазды Адамес өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына. Айта кетейік, Жәнібек 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда салмақ қуамын деп бүйрегін зақымдап алды да, жекпе-жек өтпей қалды. Жерлесіміздің еншісінде қазір WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атақ бар. Ал жоғарыдағы Карлос Адамес орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады.
Қазақ боксшылары рейтингте жоғарылады
Иван Дычко мен Жан Кособуцкий бір саты жоғарылады. Ал Мейірім Нұрсұлтанов екінші орнын сақтап қалды. Дүниежүзілік бокс кеңесі кәсіпқой былғары қолғап шеберлерінің рейтингін жаңартты. Аталған тізімде Қазақстанның бірнеше өкілі бар. Мәселен, аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий мен Иван Дычко бір-бір сатыға көтеріліп, Жан 28, Иван 34-орынға тұрақтады. Ал жартылай ауыр салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов екі сатыға жағдайын жақсартып, 24-орынға шықты. Екінші орта салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов 18-орнын сақтап қалса, Бек Нұрмағанбет екі саты төмендеп, 33-орынға жайғасты.Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов болса, екінші орында. Ол тек британдық Хамза Ширазға ғана жол беріп тұр. Ал бірінші жартылай орта салмақта жүрген Сергей Липинец пен Батыр Жүкембаев екі сатыға төмен түсіп, 27 және 28-орындарға тұрақтады. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек рейтингке 28-орынмен енді ғана қосылды. Ол жуырда ғана аргентиналық Роман Рубен Рейносоны нокаутпен жеңген болатын.
Қазақстан тенисшілері қанша табыс тапты?
730 миллион теңге. Уимблдон турнирінен қазақстандық спортшылар осынша табыс тапты. Бірер күн бұрын Лондон қаласында теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі мәресіне жетті. Жерлестеріміз арасынан ең жоғары сыйақыны Елена Рыбакина жеңіп алды. Ол аталмыш жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, соның арқасында 930 мың доллар алды. Ал сенсациялық нәтиже тіркеп, әлемнің номері бірінші ракеткасын ұтқан Юлия Путинцеваға 314 мың доллар беріледі. Ерлер арасында Александр Бублик ең жоғары сыйақыға қол жеткізді. Оның жалпы көлемі 196 мың долларды құрайды. Бұған қоса Александр Шевченко, Анна Данилина және Александр Недовесов та жоғары сыйақы иемденгендер тізіміне енді. Аталған 6 спортшымыздың жалпы табысы 1 млн 554 мың долларды құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе жоғары. Айта кетейік, "Уимблдон» бәсекесінде биыл әйелдер арасында чехиялық Барбора Крейчикова, ал, ерлер арасында испаниялық Карлос Алькарас топ жарды.
Путинцева үздік 30 теннисшінің қатарына енді. Әйелдер теннисі қауымдастығы да Уимблдон турнирінен кейін әлемдік рейтинтгі жаңартты. Байрақты бәсекенің жартылай финалына дейін жеткен Рыбакина жалпы тізімдегі 4-орнын сақтап қалды. Ал аталған додада әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, алғаш рет төртінші айналымға шыққан Юлия Путинцева 35-тен 29-орынға көтерілді. Осылайша отандасымыз өзінің үздік көрсеткішіне жақындай түсті. Оның кәсіпқой мансабындағы ең жоғары нәтижесі 27-ші орын болған. Уимблдонның іріктеу сайыстарында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Зарина Дияс 966-дан 702-орынға көтерілді. Жұптық сында өнер көрсететін жерлесіміз Анна Данилина болса, 2 саты жоғарылап, 50-орынға тұрақтады.