Қазақстан Олимпиадада бокстан неше алтын алуы мүмкін?
Олимпиадада 2 алтын алуымыз мүмкін.
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов осындай мәлімдеме жасады. Ұлттық құрама өкілдері қазір жазғы ойындар алдындағы соңғы дайындықты пысықтауда.
Париждегі жазғы ойындарда 7 бірдей жігіт ел намысын қорғайды. Яғни бокстан барлық салмақта өнер көрсететеміз. Сәйкесінше басқа спорт түрлеріне қарағанда дәл осы бағытқа үміт зор. Бұл жауапкершілікті бапкерлер де, спортшылар да өте жақсы түсінеді.
Мырзағали Айтжанов, ұлттық құраманың бас бапкері
Сәкен Бибосынов, ұлттық құрама мүшесі
Қалай болғанда да жігіттерге сәттілік тілейміз. Токиода кеткен есе бар. Соны қайтарып, ел абыройын асқақатуы қажет. Барлық салмақтағы боксшылардың да алтын алуға толық мүмкіндігі бар дейді бас бапкер. Ал енді кімдердің бағы мен бабы қатар шабады, оны бірер күннен кейін көреміз.
Аслан Қаженов